Мақтаарал ауданында тазалық талаптарын елемегендерге қатысты 667 әкімшілік хаттама толтырылып, 17 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бүгінде оның 12 миллион теңгесі өндірілген. Ауданның 11 ауылдық округіне арнайы техника бөлінгенімен, әкімдіктің Telegram-ботына қордаланған қоқыс бойынша 300-ден астам шағым түскен. Тұрмыстық қалдықты белгіленбеген жерге тастауды әдетке айналдырғандармен күрес қалай жүріп жатыр?