Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королімен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді. Олар дамуында ауытқуы бар жеткіншектерге көмек көрсету тәртібімен танысты. Шетелдік қонақтар балалармен, олардың ата-аналарымен, дәрігерлермен әңгімелесті. Орталықта психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, дамуында және мінез-құлқында тежеу бар, сал аурына душар болған балаларға кешенді көмек ұсынады. Мұнда бүлдіршіндердің қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі. Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке қызмет көрсетіледі.