Көгілдір қыштары қаланып, өңі көнерген күмбезді қайта қалпына келтіру ісінің басты-қасында жүргендердің бірі – Нұрғали Имажанов. Ол зерттеу жұмыстары басталғалы аядай кеңсесінен алысқа ұзап шыққан емес. Күні бойы қос мониторға телміріп, күмбездің әр бөлшегін қолмен сызып шығады. Бұл істе шатасып, мүлт кетуге болмайды. Өйткені бір ғана ағаттық сан жылдық жұмысты бекер етеді. Нұрғали Имажановтың осылай кесененің қамын күйттеп жүргеніне де жарты ғасырдан асыпты.
НҰРҒАЛИ ИМАЖАНОВ – ЖОБАНЫҢ БАС АРХИТЕКТОРЫ
Бір адамның ғұмыры бұл жөндеу жұмысына жетпейді. Талай жұмыс бар әлі. Біз біразын шешуге тырысамыз. Мұны сақтап қалу – бүкіл елдің, мемлекеттің мақсаты.