Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем аумағында SAIRAM-SU TRAIL 2026 тау жарысы өтті. 600-ден астам адам қатысқан жарысқа салауатты өмір салтын серік еткен әуесқойлармен қатар, еліміздің түкпір-түкіпірінен сондай-ақ алыс жақын шет мемлекеттерден келген кәсіби спортшылар бақ сынады. Табиғат аясында өткен бәсекеде желаяқтар 5 және 8 шақырымдық қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдармен және демеушілердің бағалы сыйлықтары табысталды.