Дүниежүзілік мақта күніне орай Отырар ауданында «Ақ Дала 2026» фестивалі ұйымдастырылды. Мақта шаруашылығы Түркістан облысының аграрлық экономикасында айрықша орын алатын сала. Бұл кәсіп бір жағынан, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтыса, екінші жағынан, өңір экономикасының табысын арттып келеді. Мақта тойы қалай өтті? Биылғы өнім көлемі қандай?
Мына ақ алтындар биыл Түркістан облысының 173 мың 600 гектар жеріне егілді. Ол былтырғымен салыстырғанда 30 гектарға көп. Өнім көлемі де рекордтық көрсеткішке жеткізу көзделіп отыр. Маусым соңына дейін 556 мың тонна мақта жиналмақ. Мұндай мол өнім алудың негізігі себебі 91 мың гектарда су үнемдеу технологияларының жүзеге асқаны.
СЕЙСЕН ҚУАН ШАРУА
Одан кейін, екі жылдан аса Байырқұм ауылына келіп, су шықпай жатқан жерге 125 гектарға ектік. // Дәрі шашудың өзі, бұрын трактормен шашып қысқым болмай, түбіне жетпейтін еді. Қазір дронмен шашамыз.