Түркістан
EN

Жетісайда 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

12
12.10.2026

Жетісай ауданындағы қоғамдық орындарда тазалық талаптараны бұзғаны үшін 300-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылса, ал ауласындағы күл-қоқысты дер кезінде шығармаған 500-дей тұрғынға айыппұл салынған. Соған қарамастан аймақта әлі де жұртшылық арасында тазалық мәдениеті толық қалыптаспай келеді.  

Қаланың тазалығы көшедегі көріністен ғана емес, тұрғындардың күнделікті әрекетінен де байқалады. Қоқысты кез келген жерге тастау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға шығару ортақ мәселеге айналған. Аулалар мен кәсіпкерлік нысандардың маңынан шашылған қоқысты көрген тұрғындар да мұндай жәйттер ара тұра қайталана беретініне қынжылады. Олардың айтуынша, күндіз тазартылған аумақтар түн ішінде қайта қоқысқа толып қалады