Түркістан
EN

Кибералаяқтық саны 40 пайызға азайды

14
12.10.2026

Елімізде соңғы үш жылда интернет-алаяқтық дерегі 40 пайызға азайды. Жәбірленушілерге 5 миллиард 900 миллион теңге қаржы өтелген. Десе де айласына құрық бойламайтын  алаяқтар енді жасанды интеллект арқылы дауыс клондау мен дипфейк әдістерін белсенді қолдана бастаған. Мұндай виртуалды шабуылдарға Ұлттық банктің Антифрод орталығы қарсы тұруда. 200-ден астам қаржы ұйымы мен құқық қорғау органдарын біріктіретін орталық екі жылда 180 мыңға жуық күдікті операцияны анықтаған. Жедел әрекет етудің арқасында 117 миллиард теңгеден астам қаражаттың қолды болуына жол берілмеді. Қазір жүйеде 13 мыңнан астам алаяқтың  «қара тізім» жасақталған. Ең бастысы — прокурордың келісімімен, ұрланған ақша тез арада  бұғатталады да, сот шешімін күтпестен иесіне қайтарылады. Биылдан бастап бір сағат ішінде бірнеше банкке онлайн-несиеге өтінім түссе, жүйе бірден дабыл қағаатын жүйе іске қосылды.