Түркістан
EN

Қайрат Нұртастың концертінен кейін қылмыстық іс қозғалды

12
12.10.2026

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың ән кешінен кейін үш адам қаза тапты -деп жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды. ОЛ бұдан бөлек тағы 100 адам жарақат алып, 50 адамның аяғы сынғаны туралы жазба таратқан.  Автор концертке жиналған 6 мың адамның қақпаны құлатып кеткенін де мәлімдеген. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жазаланушыға қосымша тағы айып тағылды. Себебі ол тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған. 

ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ  - ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сатылған билеттер саны концерт алаңының сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдардың шамадан тыс жиналуына әкеліп, көрермен қауіпсідігіне қатер төндірген. Адамдардың қасылып қалу салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып ауруханаға жеткізілді.