Түркістанда денсаулық сақтау саласы мамандарының арасында республикалық спартакиада басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған спорттық жарыс 3 күнге жалғасады. Бәсеке кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына әріптестеріміз де қатысқан еді.
Әлиакбар Матишев, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағы» рқб төрағасы
Салауатты өмір салтын сақтауды медицина мамандары да насихаттайды ғой. Сондықтан олар өздерінің жағдайларын, өз денсаулықтарын ойлау керек. Мұндай спартакиада дәрігерлерді біріктіреді. Еліміздің әр жерінен келіп, танысып жатыр. Оның бәрі бірлікті танытады.