Түркістан
EN

Полиция қызметкері интернет алаяқтықтың жолын кесті

14
09.10.2026

Түркістан облысында полиция қызметкері әйелді 5 млн теңге шығыннан құтқарып қалды. Әуелі тәртіп сақшысы Шерхан Қалтұрсын банк терминалының алдында тоқтаусыз сөйлесіп, күмәнді қаржылық операция жасап жатқан әйелді байқаған. Сосын алаяқтардың жәбірленушіге телефон соғып, туыстарына пошта арқылы сыйлық келгенін айтып алдағанын анықтайды. Тұрғынның сеніміне кірген олар телефонына келген құпия кодты біліп алып, атынан 5 миллион теңге несие рәсімдеп үлгеріпті. Содан соң ақшаны өз қолдарына түсіруге әрекеттенгенде, полиция қызметкері дер кезінде келіп, заңсыз транзакцияны тоқтатып үлгерген. Тәртіп сақшылары тұрғындарға бөгде адамдарға телефон арқылы келген SMS кодтарды бермеуді және күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда бірден 102 арнасына хабарласуды қатаң ескертеді.