Түркістан
EN

Этносаралық келісімді нығайту бойынша жиын өтті

12
09.10.2026

Ақордада вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен этносаралық келісімді одан ары нығайту мақсатында республикалық жұмыс тобының кеңесі өтті. Жиынға Бас Прокуратураның, Президент әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің, бірнеше министрліктің басшылары қатысты. Басқосуда Мемлекет басшысының Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында жүктеген міндеттерін орындау мәселелері қаралды. Ерлан Қарин қоғамда Президенттің негізгі ұстанымдарын ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ бұл міндеттерді іске асыру барысын айрықша бақылауға алу қажет екенін атап өтті. Ерлан Қарин бұл жұмыс  мемлекеттік органдар қызметін тұрақты әрі тиімді үйлестіруді және қоғамдық институттармен өзара жүйелі іс-қимылды талап ететінін еске салды. Вице-Президент кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға өзара іс-қимылдың әлдеқайда тиімді тетігін қалыптастыру және этносаралық келісімді одан әрі нығайту үшін жұмыс тәсілдерін жетілдіруді жүктеді.