Түркістан
EN

Кредиторларды жазалауды ұсынды

17
11.09.2026

Қарызға қаржы беріп, оны ондаған есе көп етіп қайтаруды талап ететін кредиторларды жауапкершілікке тарту керек. Бас Прокурор мен Ішкі істер министрлігіне Құрылтай депутаты Юрий Ли осындай ұсыныс жасады. Оның дерегінше, Alem Credit онлайн-платформасының микрокредиттік қызметпен айналысуға тіркеуі де, лицензиясы да жоқ. Соған қарамастан, ондаған интернет-ресурс арқылы қарыз беруді жалғастырып келеді. Мұндай компаниялар заңды қаржы ұйымдары несие беруден бас тартқан азаматтарға қарыз ұсынуы мүмкін.