Түркістан облысында қазір ауыл шаруашылығы жұмыстарының қызған шағы. Диқандардың дені жиын теріммен әуре болып жатса, тағы біразы күзгі егістің қамына кіріскен. Нәпақасынан жерден айырған шаруалар осындай қарбаласқа қарамастан бүгінгі сайлаудан шет қалмады. Олар жұмысын уақытша ысырып, өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне арнайы келді.