Кеше таңертеңнен бастап соққан қатты жел түркістандықтарды біраз әуреге салды. Салдарынан жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс материалдарын ұшырып алып кеткен. Абырой болғанда, оның астында қалып, зардап шеккендер жоқ. Қазір кейбір нысандардағы құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Ал ауа-райын болжаушылар Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында күндіз желдің екпіні секундына 25 метрге күшейетінін айтып отыр.