Түркістан облысының Арыс қаласында синтетикалық есірткіні ірі мөлшерде өндіріп келген жасырын зертхана әшкереленді. Заңсыз әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен ағайынды екі ер адам қолға түсті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілердің қаланың шет маңында орналасқан жеке тұрғын үйді өндіріс орнына айналдырғаны анықталған. Тінту кезінде жарты тоннаға жуық химиялық ертіндінің сұйық түрі мен бір жарым тоннадан астам шикізат тәркіленді. Сондай-ақ, оқиға орнынан синтетикалық өнім дайындауға арналған құрылғылар, түрлі ыдыстар мен арнайы техникалық құрал-жабдықтар табылған. Қазіргі уақытта азаматтар тергеу изоляторына жеткізіліп, құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.