Түркістан
EN

Мемлекет басшысы ұлттық компания басқарма төрағасы мен СҚО әкімін қабылдады

114
31.07.2025

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Кездесуде Президентке компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері мен инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, жүк айналымының 8,6%-ға артқанын, транзит тасымалы көлемінің 14,6 млн тоннаға жеткендігі айтылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады. Әкім облыстағы майлы және мал азығы дақылдарын егу барысынан есеп берді.  Айтуынша, тұқым жаңарту деңгейі биыл ұлғайып,  11,2%-ға жеткен. Жалпы биыл Солтүстік өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай өсім бар. 46 ауылдық медициналық нысан жаңғыртылып, білікті дәрігерлер тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатса керек.