Қосылған құн салығы 16% болып бекітіледі. Ал салық бойынша шек 40 миллион теңгеге жетпек. Үкімет басшысының орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс отырысында осылай деді. Дегенмен оның салдары да бар екен. Мәселен, қосылған құн салығы бойынша ұсынылатын шектің төмендеуіне байланысты бюджет 400 миллиард теңге жоғалтады. Сондай-ақ 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылу қаупі бар.