Түркістан облысының транзиттік әлеуеті толыққанды жүзеге асырылмай отыр. Бұған себеп нағыз өндіріс орындары саналатын Созақ ауданы мен Кентау қаласына теміржол желісі жоқ. Салдарынан өндіріс орындары мен зауыттардан өнімдерді тасымалдау қиындық тудырып жатыр. Аталған мәселені бүгін мәжіліс отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков көтерді.Оның сөзінше, Кентау қаласындағы теміржол желісі жеке кәсіпкерлердің иелігіне өтіп, жол бойындағы темірі талан-таражға түскен. Мәжілісмен Дарбаза – Мақтарал секілді Кентау мен Созақ ауданына теміржол желісі салынса, қала мен аудан халқының әлеуметтік жағдайы көтеріліп, зауыттардың ісі өрге домалайтын еді дейді.