Былтыр Түркістан облысында 34 бала тағамнан уланған. Бұл жағдай Келес ауданындағы бөбекжайлардың бірінде болған. Биыл мұндай олқылықтарға жол берілмейді. Облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов осылай деді. Жалпы балабақшалардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, қызметкерлердің дер кезінде медициналық бақылаудан өтуі және тамақтың сапасы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түкістан облысында 1449 балабақша бар.