«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

127
07.02.2025 20:09

Түркістан облысында «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен басталған ірі жоба республиканың көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған. Ұзындығы 152 шақырымға созылатын жол өңірдің Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай мен Мақтаарал аудандары арқылы өтеді. Ал қазір құрылыстың алғашқы бөлігінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Тартылған техника мен адам саны жеткілікті ме? Теміржол құрылысымен танысып келген әріптесім Ақдариға Мұхаддас айтып берсін.