Сауран ауданында су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Оны қалпына келтіру жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Қазіргі таңда тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықтағы нысанның сыйымдылығы – 1,3 млн текше метр. Су қоймасы іске қосылса, Түркістанның жасыл белдеуін суғаруға мүмкіндік туады. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды нысанның құрылыс барысымен танысып, жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.