Жетісайлық дихандардың егістік жері мемлекет мұқтаждығына алынбақ. Ол жерге Өзбекстан мен Қазақстанның арасын жалғайтын теміржол салынбақ. Бүгінде «Дарбаза – Мақтаарал» желісінің құрылысы жүріп жатқан аймақта 156 адамның шаруашылығы орналасқан. Енді олар күнкөріс етіп отырған егістік жерлерімізді алып қойса, жұмыссыз қаламыз ба деп уайымдап отыр. Сондықтан теміржолды елдімекен шетінен өткізуді сұрайды.