Түркістанда қазақтың біртуар қайраткері, тарихи тұлға – Қазыбек би Келдібекұлының ескерткіші ашылды. Еңселі монументтің жалпы биіктігі – 8 метр, мыстан құйылған. Авторы – танымал мүсінші, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Бексейіт Күзембеков. Салтанатты жиынға Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері, «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Ақсақалдар алқасының төрағасы қазақтың ардақты биі туралы ой қозғап, Түркістан төріндегі игі істі жоғары бағалады. Игі іс-шарадан кейін даңқты баба рухына арналып ас берілді.