Премьер-министр Олжас Бектенов аустралиялық ТИ ЭС СИ ГЛОБАЛ компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері туралы сөз қозғады. Ал кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Айта кетейін, ТИ ЭС СИ ГЛОБАЛ – әлем елдері үшін қауіпсіз цифрлы инфрақұрылым құруға маманданған халықаралық компания.