Түркістандық екі бірдей спортшы "Аударыспақтан" көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Төлеби ауданының тумасы Ермек Құралбай 60 келі салмақта сынға түсті. Ал Дарын Өткелбай 80 келі салмақта бақ сынады. Жерлестеріміз финалда Қырғызстан және Өзбекстан спортшыларынан басым түсті. Осылайша олар бір күнде екі бірдей алтынды қанжығалады. Жалпы аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы іріктелген.