Түркістан
EN

Ер адам итті көлікпен сүйреп, өлімші еткен

94
28.08.2024

Әлеуметтік желіде ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан видеосы тарап кетті. Жантүршігерлік оқиға Алматы облысы, Қарасай ауданында болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында 28 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.