Түркістан облысында кәсіп ашып, ісін дөңгелетем деген азаматтарға бар жағдай жасалған. Бүгінде аймақта 10 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұр. Онда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесі мен өндіріс алаңдары ұсынылады. Ал арнайы экономикалық аймақ өз қатысушыларына салық пен кедендік баж жағынан жеңілдіктер қарастырады. Бұл туралы аспан асты елінде Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылған жиында айтылды.