Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында Елек өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді. «Қазгидромет» орталығының мәлімдеуінше қазір ол 785 сантиметрге жеткен. Су Ресейдің Орынбор облысынан келіп жатыр. Егер өзен суының деңгейі 800 сантиметрден асса ауылдарға қауіп төнуі ықтимал. Дегенмен Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жағдайдың бақылауда екендігін жеткізді.