Түркістанда белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтті. «Құс жолы» деп аталатын кешке көрермен ағыла келіп, сазгер әндерін тебірене тыңдады. Айта кетейік, бұған дейін еліміздің түкпір-түкпірінде шығармашылық кешін өткізген танымал сазгер биыл 75-ке толып отыр.