Биыл Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл көмек көрсетуге 8,5 млрд. теңге жұмсалыпты. Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» аймақтағы филиалының басшысы мәлімдеді. Нұрлан Қыдырбаевтың сөзінше өткен 9 айда өңір тұрғындарының отасы үшін 5 жарым млрд. теңгеден аса қаржы жаратылған. Оның ішінде 1476 жанға кардихирургиялық операция жасалған. Оталардың жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрап отыр.