Түркістан
EN

Елордадан тілшілер қосыны ашылды

168
01.09.2023

Елордамыз Астанадан "Тurkistan" телеарнасының тілшілер қосыны ашылды. Қазақстан Республикасы Парламенті қабырғасына ресми тіркелген меншікті тілшіміз Серік Жұмабайұлы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан алғашқы эфирге шықты. Енді дәл осындай қосынды Алматыдан да ашуды көздеген арнамыз болашақта хабар тарату ауқымын кеңейтіп республикалық масштабқа шығуды көздейді. Соның алғышарттары мен сәтті қадамдары басталды. Осынау тарихи оқиғаға байланысты халық қалаулылары "Тurkistan" арнасына өз құттықтауларын жолдады.