Түркістан
EN

1 қыркүйекте 6 мектеп пайдалануға беріледі

96
31.07.2023

Түркістан облысында 33 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы жыл соңына дейін ел игіліне беріледі. Ал, 1-қыркүйек күні жаңадан бой көтерген алты білім ордасы ресми түрде ашылады. Ол үшін түрлі қаржыландыру көздерінен 23,6 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл мәселе бүгін облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алып, уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.