Түркістан
EN

Еліміздің бірнеше аймағында -43 градусқа дейін аяз күтілуде

204
09.01.2023

Қыс қаһарына мінді. Алдағы 3 күнде -43 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда. Осыған байланысты, еліміздің бірнеше аймағында қатты аяз сақталады. Өңірімізде дәл осындай төменгі ауа райы сегіз жыл алдын тіркелген. Қайталанып келетін ауа райы бұл жолы қақарына мініп аптаның соңғы күндеріне дейін жалғасуы мүмкін. Әсіресе Шардара Жетісай Сарыағаш аудандарында қалың қар жауып ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда бұрқасын жел күтілуде дейді ауа райын болжайтын мамандар.