Мәслихат депутаттарының сайлауы басталған сәттен-ақ учаскеге келіп, өз таңдауын жасаған азаматтар бар. Солардың қатарында Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы да болды. Ол азаматтық белсенділік танытып, саяси науқаннан тыс қалмай, өз дауысын берді. Оның айтуынша, мұндай саяси науқандарға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын білдіруінің маңызды көрінісі. Өз таңдауын жасаған филиал төрағасы әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтті.