Еліміздегі алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылы 7 наурызда өтіп, содан бері 7 рет ұйымдастырылды. Кеңестік дәуірден басты айырмашылығы мұнда баламасыз дауыс беру жойылып, көппартиялық бәсеке орнады. Ал мәслихаттар кеңестік кезеңдегідей жоғарының бұйрығын орындаушы емес, өңір бюджетін бекітіп, әкімдік жұмысына бақылау жасайтын нақты билік тармағына айналды. Тәуелсіздік алғаннан бергі сайлау тарихы жайлы әріптесім тарқатып айтады..