Елде мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Саяси науқанға 11 мыңға жуық кандидат тіркеліп, жеті саяси партия қатысуға жіберілді. Мәслихаттар жергілікті бюджетті бекітіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылайды. Қазір республика бойынша 10 мың 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Түркістандағы жағдайды тікелей байланыста әріптесім Бекболат Тілеуберген баяндайды. Бекболат саяси науқан қалай өтіп жатыр?