Түркістан
EN

Энергия үнемдемеген ұйымдарға жауапкершілік күшейеді

5
25.11.2026

Энергияны үнемдеу талаптарын орындамаған ұйымдарға әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде энергия тұтыну мониторингі күшейтіліп, энергетикалық аудит жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптар артады. Бұл өзгерістерді көздейтін заң жобалары Құрылтайдың жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. Құжаттың негізгі мақсаты – энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, бюджет шығындарын азайту және энергия үнемдеу саласындағы бақылауды күшейту дейді дептуттар.

АРМАН ҚАЛЫҚОВ ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ

Жаһандық энергетикалық өзгерістер, электр энергиясын өндіру қуаттарының тапшылығы және энергетикалық инфрақұрылымның айтарлықтай тозуы жағдайында энергияны үнемдеу ерекше маңызға ие болады. Бүгінде бұл тек экологиялық басымдық қана емес, сонымен қатар мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі шешуші фактор.