Бүгін Түркістанда мемлекет басшысының “Адал азамат” қағидаты негізінде отансүйгіштік сезімді нығайтуға арналған «Ұлттық рух – басты құндылық» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде өңірдегі адал қызмет етіп, еңбегімен, азаматтық ұстанымымен және қайырымдылық істерімен қоғамға үлгі болған 30-дан аса азаматтың өмір жолы енген арнайы кітаптың таныстырылымы болды. Тақырыпты әріптесім Көркем Әбдіғали жалғастырады.
Бүгінгі алқалы жиынға арнайы шақыртылғандардың бірі Арыс қаласынан келген Әлжігіт Тұйғынбек. Медицина ісін кәсіпкерлікпен ұштастырған ол қоғам жұмысынан да аянып қалмады. Екі мыңыншы жылдары "Тайма" атты қоғамдық бірлестік құрып, ауылдағы ағайынның санасында сілкініс жасауға талпынды. Руханияпен рухты оятуға барын салды. Медициналық көмекпен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем берді. Әсіресе, кәсіпкерлердің құқығын қорғау ісінде біраз жұмыс атқарған.