Елімізде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Биыл 10 айда қылмыстық топтарды құру және олардың қызметіне қатысты деректері бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 40-тан астам топтың қызметіне тосқауыл қойылып, 240-тан астам криминалдық орта өкілі жауапқа тартылды. Сондай ақ, 440-тан астам бопсалау дерегін анықтады. Заңсыз айналымнан 380-ге жуық қару мен 5 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі таңда зардап шеккендерге құқықтық, психологиялық көмек көрсетілуде.