Түркістан
EN

«Халықтық құрылыс» қаражаты бақылауға алынады

6
25.11.2026

«Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуы қатаң бақылауға алынады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Комиссия жобалардың уақытылы әрі сапалы іске асуын, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалайды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын тексеріп, тәуекелі жоғары жобаларға мониторинг жүргізеді. Комиссия құрамына мемлекеттік орган басшылары, Құрылтай депутаттары, журналистер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар енген. Ал құрылымның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді. Бағдарламаның орындалу барысы бойынша Президентке тоқсан сайын және жыл қорытындысында есеп беріледі.