Қазығұрт аудандық ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі әшкереленді. Медициналық жабдық сатып алу кезінде мемлекетке 117 миллион теңге залал келтірген бұрынғы бас дәрігер 8 жылға, ал онымен сыбайлас болған кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, олар заңсыз тапқан ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алып, ізін жасыру үшін оны туыстарының атына рәсімдеген. Сот шешімімен Астанадағы пәтер, екі автокөлік тәркіленді.
ЕРНАР ТАЙЖАН ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ
Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды.