Түркістан
EN

Жастарға заң талаптары түсіндірілді

17
12.11.2026

Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты форум өтті. Жиында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрмет қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Оған 150-ден астам оқушы қатысты. 

Форумда жастарға құқықтық тәртіптің маңызы түсіндірілді. Жиын барысында заң талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы бейнероликтер көрсетілді. 

Сондай-ақ прокуратура мен полиция өкілдері, «Әкелер мектебінің» мүшелері баяндама жасап, оқушыларға құқықбұзушылықтың салдары мен оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Мамандар заңға бағыну әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.