Түркістан
EN

Қаратау арқары 22 жылда 1964 басқа көбейді

17
12.11.2026

Қаратау арқары – еліміздің табиғи байлығы саналатын сирек жануарлардың бірі. Тек Түркістан облысындағы таулы аймақтарда мекендейтін бұл жануардың популяциясын сақтау үшін мамандар жылына екі рет санақ жүргізеді. Биылғы көктемгі есеп бойынша қорық аумағында 1746 арқар тірішлік етіп жатқаны белгілі болды. Осыдан он екі жыл бұрын олардың саны небәрі 38 еді.  Тілшіміз Жандос Тастемір Қаратау қорығындағы кезекті экспедиция жұмысына қатысты. 

Бұл жолғы экспедицияға 11 маман қатысып, екі топқа бөлінді. Әр топ белгіленген бағыт бойынша тау бөктері мен сай-саланы аралап, жануарларды бақылауға кірісті. Қарсы соққан екпінді жел, биік асулар мен тастақты соқпақтар экспедиция жұмысын қиындатады. Мұндай жағдайда атпен қозғалу да оңай емес. Сондықтан мамандар қауіпсіздікке ерекше мән береді.