Түркістан
EN

ІММ жастарды қылмыстық ықпалдан қорғау бағытындағы жұмысты күшейтуде

16
12.11.2026

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі назар бопсалаудың, құқық бұзушылықтардың және жастардың қылмыстық ортаға тартылуының алдын алуға бағытталған. Жыл басынан бері мектептер мен колледждерде екі мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар жастарға кері ықпал ететін 40-тан астам топ анықталып, түрлі құқық бұзушылықтарға қатысы бар 100-ден астам адам ұсталды. Оқушылар мен студенттерді бопсалаумен айналысқан төрт топтың қызметі тоқтатылды. Ал ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта мұндай топтардың 240-тан астам мүшесі жауапкершілікке тартылуда. ІІМ өкілдерінің айтуынша, профилактикалық шаралар білім беру ұйымдарымен, ата-аналармен және қоғаммен бірлесіп жүргізіледі.