Жаһандық жылынумен күрес және «жасыл» энергетикаға көшу. Түркияның Анталия қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі 31-ші конференциясы өтіп жатыр. Әлемнің 70-тен астам елінің басшылары жиналған алқалы жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов қатысты. Саммитте сөз алған Үкімет басшысы Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы бүгінде жалпыұлттық қозғалысқа айналып, Конституцияда бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі алты жылда төрт есе өсіп, 8 пайызға жеткен. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайызға жеткізу көзделген. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін саммит аясында жалпы құны 1,2 миллиард долларды құрайтын бірқатар келісім бекітілді. Құжатқа сай, Түркістан облысында қуаты 150 мегаватт, ал Қостанай өңірінде 1 гигаватт болатын жел электр стансалары салынбақ. Сонымен қатар «Aqyl Energy» жобасы бойынша деректерді қашықтан беретін 1 миллион 350 мың ақылды газ есептегішін орнату жоспарланған. Сала мамандары мұндай жобалар өңірлердің энергетикалық әлеуетін арттыратынын айтады..