Салық органдары камералдық бақылау жүргізу тәртібі мен хабарлама келген жағдайда кәсіпкерлер атқаруы тиіс нақты қадамдарды түсіндірді. Салық кодексінің 136 және 137-баптарына сәйкес, бұл тексеріс есептілік нысандары мен өзге де деректерді талдау арқылы жүргізіледі. Басты мақсат - бизнес өкілдеріне айыппұл салмай, өз міндеттемелерін өз бетінше реттеуге мүмкіндік беру. Егер есептілікте алшақтықтар анықталса, салық төлеуші алдымен хабарламаның негізділігін тексеруі қажет. Одан кейін құжат ресми табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі немесе деректерді түзетуі тиіс. Талап белгіленген мерзімде орындалмаса, кәсіпкердің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, электрондық шот-фактура жазып беру құқығы бұғатталады.
АЗАМАТ БАЙДУЛЛА ТҮРКІСТАН
ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД КМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Ең алдымен хабарлама келгенде, хабарламаның толық мәтінін және оған қоса берілген алшақтықтар сипаттамасын оқыңыз. Хабарлама номерін күнін оның ұсынйған салық органы, салық түрін кезеңін және сомасын тексеріңіз. Содан кейін оның табыс етілген күнін анықтап, жауап беру мерзімін белгілеңіз. Салық кодексінің 82 ші бабының 2 тармағына сәйкес камералдық бақылау хабарламасын орындау мерзімі хабарлама табыс етілген күннен кейінгі 30жұмыс күні.