Түркістан
EN

Созақ ауданында әлеуметтік нысандар жаңғыртылуда

16
12.11.2026

Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саладағы маңызды тапсырмаларының бірі. Оны орындау мақсатында Созақ ауданындағы орталық аурухана қайта жаңғыртылып жатыр. Бұған қоса, Қазатомөнеркәсіптің қолдаумен әртүрлі әлеуметтік топтағы азаматтарға арналған тұрғын үйлер салынуда.

Құрылысы қарқын алған бұл нысан келер жылы Созақ ауданының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын кешенге заманауи диагностикалық жабдықтар орнатылып, оңалту орталығы ашылады. Жылына 9 мыңға дейін науқас ем қабылдайды.  Сондықтан болар, ескі аурухананың күрделі жөндеуден өтуіне аудан тұрғындары қуанышты.