Түркістан
EN

Бәйдібекте мақта өңдеу зауыты салынып жатыр

16
12.11.2026

Осы кезге дейін төскейінен төрт түлікті түгел өргізіп, егістікпен айналысқан Бәйдібек ауданында алғашқы мақта өңдеу зауыты салынып жатыр. Кәсіпорын шикізатты өңдеумен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болмақ. Бүгін аймаққа іс-сапармен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өндіріс орнындағы жұмыс барысымен  танысты. Аудан халқымен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Бұл - аймақтағы ең алғаш бой көтерген мақта зауыты. Кешен жылына 50 мың тоннаға дейін мақта талшығын өндіруге қауқарлы. Зауыттың бір ерекшелігі кәсіпорын меншігіндегі 1300 гектар егістік алқабына мақта егеді. Содан жиналған мақта осында шикізат ретінде пайдаланылып, одан талшық өндіреді. Нысан жылдың соңында іске қосылып, 60 тан аса адамды жұмыспен қамтиды.