Түркістан
EN

ХҚКО да енді кезексіз құжат ала аласыз

14
03.11.2026

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлық технологиялардың үлесі артып келеді.  Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында  құжаттандыру терминалы іске қосылды. Жаңа жүйе азаматтарға қажетті құжаттарды жедел рәсімдеп, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Әсіресе, күнделікті шаруасымен орталыққа келетін тұрғындар үшін бұл қолайлы шешімге айналған.

Құжат рәсімдеуге келген тұрғындар қатары аз емес. Олардың дені қызметті ұзақ күтпей, мүмкіндігінше жылдам алуға мүдделі. Осы ретте арнайы терминал азаматтардың жұмысын жеңілдетіп отыр. Солардың бірі – Бағлан Абдуллаев. Ол бүгін құжатын цифрлық құрылғының көмегімен рәсімдеді. Айтуынша, мұндай жаңашылдық тұрғындарды уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.