Түркістан
EN

Тозығы жеткен электр желілері жаңарады

15
03.11.2026

Түркістан облысындағы электр желілерінің тең жартысы тозып тұр. Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін өңірде инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Мемлекет басшысының бастамасымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақтың энергетика саласына 113 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталмақ. 

Бес жыл ішінде өңірде 782 мың шақырымнан астам электр желісі толық жаңартылады. Қазірдің өзінде оның 90 шақырымға жуығы пилоттық жоба ретінде ауыстырылып үлгерді. Кезең кезеңімен жүзеге асатын жұмыс нәтижесінде тозығы жеткен электр сымдары жаңарып, тұрғындар сапалы қызметке қол жеткізеді, дейді мамандар.